Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Латын әліпбиіне байланысты мектептерде нөлінші сынып кеш енгізілмек

Білім және ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшуге байланысты мектептерде нөлінші сыныпты енгізуді 2019 жылдан 2020 жылға ауыстыруды ұсынды.

Фото: Sputnik/Анатолий Устиненко

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Бірыңғай бағдарлама бойынша нөлінші сынып 2019 жылы енгізілуі тиіс болған. Біз оны 2020 жылға ауыстыруды ұсынып отырмыз. Себебі біз нөлінші сыныптар үшін өте көп оқулық басып шығаруымыз керек. Біз бұл оқулықтарды бірден латын қарпінде шығарғымыз келеді”, — деді білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов журналистерге.

Ал қазіргі таңда ашылған барлық мектепке дейінгі сыныптар сол бұрынғы жұмысын бұрынғы бағдарламамен жалғастырады.

“Биыл олар үшін ешқандай өзгеріс жоқ. Яғни, биыл шартты түрде нөлінші сыныпқа бара алатын бүлдіршіндер өткен жылғыдай жаңа сыныптарға барады”, — деді вице-министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, аталған ұсынысты ұстаздардың өзі тастаған.

Жіберіп алмаңыз:

Астаналық полицейлер көшеде жүрегі ұстап қалған зейнеткерді құтқарып қалды

Қазақстандық қыз Боратты Астанаға шақырып, оған ескерткіш орнатуды ұсынды

Алматы облысының тұрғыны: Интернат тәрбиешісі 11 жасар аурушаң ұлымның қасына жалаңаштанып төсекте жатқан

Бұдан былай қазақстандықтар бірнеше елге пойызбен бара алады

Талқылау