Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Латын әліпбиіндегі қазақ тілі барлық смартфондарда қол жетімді болды

Мемлекеттік тілді дамыту қоры қазақ тілін латын пернетақтасы арқылы барлық мобильді қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік беретін «Qazaq Latyn Keyboard» жобасын әзірледі. Бұл туралы Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Латын әліпбиіндегі қазақ тілі барлық смартфондарда қол жетімді болды

«Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіруді айқындады. Бүгінде әлемдегі ақпараттың 70% -ы латын тілінде. Біз осы қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікке кіріп, бәсекеге қабілетті болуымыз керек. «Qazaq Latyn Keyboard» қосымшасы жастардың жаңа әліпбиімізді тез үйренуіне септігін тигізетін болады. Латын әліпбиіндегі қазақ тілі барлық адамдарға қол жетімді болады», – деді Сұлтан Айтжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, Qazaq Latyn Keyboard жобасы қазақ тілін латын пернетақтасы арқылы барлық мобильді қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді.

«Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін пернетақта жиынтығының транслитерациясы жасалды. Бағдарлама көмегімен кириллицамен терілген қазақша мәтін автоматты түрде латын графикасына аударылады», – деді ол.

Сондай-ақ, Айтжанов болашақта пайдаланушылардан түскен ұсыныстар бойынша жобаны жақсарту және жетілдіру көзделіп, қосымшаны App Store және Android-та жүктеп алуға болады деп сендірді.

Оқи отырыңыз:

Ауғанстанда қаза болған қазақстандықтың туыстарын алдап-соққан алаяқ жазадан құтылып кетті

Шымкентте жартылай жалаңаш бойжеткен көшенің дәл ортасында би биледі: Оны психиатриялық ауруханаға алып кетті (видео)

Ұятсыз нөмірлер: Қазақстанда гей, жын, ұры, жұт деп жазып алған автокөлік нөмірлеріне тыйым салынды

Қазақстанда жаз мезгіліне екі апта қалғанда қар жаууы мүмкін

Талқылау