Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Латвияда ер адам тірі мысықты отқа жағып жіберген

Латвияның Капселе қаласының тұрғыны мысықты тірі күйінде отқа тастап жіберген деп күдіктеліп жатыр. 13 наурызда полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғынның хабарласуымен ер адамның тірі мысықты отқа жағып жібергені жөнінде ақпарат келіп түскен.

kZR7OGTVLO

 

Сурет: picfun.ru 

Полицейлердің анықтауы бойынша, 12 жастағы екі бала көшеде ойнап жүріп, аурушаң мысықты тауып алған. Олар сол маңда от жағып жүрген ер адамға мысыққа көмектесу керектігін айтқан. 50 жас шамасындағы ер адам балаларға мысыққа тимеуін айтып, олардан сол арадан кетуін сұрайды. Балалар аулаққа кетіп қалып, сәлден соң қайтып келген. Алайда, мысықты таппай қалады. Кейіннен жанып жатқан от арасынан мысықтың күйген денесін көргендей болады.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Мысықты өртеген адамды 5 жылға бас бостандығынан айыруы немесе қысқа мерзімге түрмеге қамап, мүлкін тәркілеуі мүмкін.

Талқылау