Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Латвияда бетті жауып жүретін киім киюге тыйым салынбақ

Латвия қоғамдық орындарда бетін жауып киім киетіндерге тыйым салмақшы. Бұл бірінші кезекте ұлттық дәстүрді қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қолға алынып отыр.

9292317

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Латвияда қоғамдық орындарда, көшелерде бетті жауып жүретін киімдерді киюге тыйым салу жоспарланып жатқанын, елдің әділет министрі Дзинтарс Расначс хабарлаған.

“Бұл тыйым тек қоғамдық қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында ғана емес, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу үшін де жасалғалы отыр”, – дейді әділет министрі.

Оның сөзінше тыйымның екі нұсқасы қарастырылған: Білім ошақтары мен мемлекеттік мекемелерде ғана рұқсат бермеу; Қоғамдық негізі бар барлық орындарға енгізу. Әділет министрлігі соңында екінші нұсқаны таңдаған.

Ертеректе Эстониялық телеарна, Эстонияның әділет министрлігі қоғамдық орындарда хиджаб (дәстүрлі ислам әйелдерінің киімі) және никабты (көзді ғана бүркемелеп тұратын әйелдер киімі) киюге тыйым салатын заң жобасын қарастырып жатқанын айтқан еді.

2015 жылдың алғашқы он айында Евроодақ елдеріне  негізінен Таяу Шығыс пен Африкадан 1,2 миллион мигрант келген. Еврокомиссия босқындардың Европаға қарай жөңкіле көшуін, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ірі қозғалыс деп бағалаған болатын.

Талқылау