Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лас-Вегастық жезөкше қанды қырғынның құпиясын ашты

Лас-Вегастық жезөкше бірнеше күн бұрын қанды қырғын жасаған Стивен Пэддок туралы айтып берген.

Бұл туралы The Sun басылымы жазады.

27 жастағы жезөкшенің айтуынша, онымен кездескен Пэддок әкесі Бенджаминнің атақты банк тонағыш екенін айтып мақтаныпты. Ол әкесінен өзіне “жаман қасиет” дарығанын да айтып өткен. Әйелдің сөзінше олар құмар ойындар ойнап, көңіл көтеріп біраз уақыт өткізген. Казинодан ұтқан күндері Пэддок оны өз пәтеріне апарып, дөрекі төсек қатынасына түсіп отырған.

Қылмыскер сондай-ақ, бір сөзінде 11 қыркүйекте болған терактіні АҚШ үкіметі ұйымдастырғанын да айтқан. Полиция бұған дейін де Пэддоктың жезөкшелердің қызметін үнемі тұтынғанын хабарлаған еді. Осыған байланысты Пэддоктың түпкі мақсатын білу үшін полиция жезөкшелерді де тергеуге алып жатыр.

Еске салсақ, 1 қазан күні 64 жастағы Стивен Пэддок атыс жасап, 59 адам қаза тауып, 500-ден астам жараланған еді. Бұл АҚШ тарихындағы ең қанды теракт ретінде аталды.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та қоршауға сүрініп қалған қыз 6 миллион доллар өндіріп алды

Үндістанда селфи жасамақ болған үш студент пойыз астына түсіп қаза тапты

Топпен бірге мыңнан аса қыз зорлаған азаматтың әйелі зорланған қыздардың өзін кінәлады

Әлемнің қай елдерінде құдайға тіл тигізгендер жазаланады?

Талқылау