Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лас-Вегаста «Головкин-Альварес» бокс кеші басталды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да бокс әлеміндегі жылдың басты шараларының бірі – қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегі өтетін кеш басталды.

20170916152656

Қазақстанда трансляцияны «Qazsport» пен «Qazaqstan» арналары жүргізеді. Бокс кеші Астана уақытымен таңғы сағат 06:00-де, ал Головкин мен Альварестің айқасы шамамен 08:50-де басталады.

Мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жекке шығатын орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0, 33 КО) қолдау үшін әлемнің әртүрлі елінен келген жанкүйерлер Лас-Вегаста жиналып жатыр.

Vesti.kz тілшісі жолдардың алыстығына қарамастан келген фанаттармен сөйлесті.

Салмақ өлшеу рәсімінде мына жұп өте танымал болды. Қыз – қазақстандық тумен, ал жігіт – мексикалық тумен. Ақерке Ақтау тумасы, ал Гектор – Сан-Диего қаласынан келді. Әркім өз отандасы үшін жақтасады.

“Басында кімнің жеңіске жететіні туралы ұрысатынбыз. Кейін ол үшін ұрысуды тоқтатайық деп шештік. Бұл халықтар достастығы, сол себепті де бірге болуымыз керек деп айттым. GGG – мен сені жақсы көремін және сенің жеңетініңе сенемін. Sorry, mi amor (жігітіне қарап)”, – деді қыз.

Бұл филиппинен келген Крис Сансоуз. Ол Головкиннің жекпе-жегіне бірінші рет келіп отыр.

“Неге GGG? Маған оның жойқын күші, оның шабуылдағаны ұнайды. Ол қорғаныста да мықты, оның соққысы өте қауіпті! Меніңше, ол “Канелодан” мықты.

Роберт Брэнли есімді жігіт Лас-Вегасқа Лондоннан келіпті. Ол өз елінде қанша бокс жұлдызы болса да Головкинге жетер ешкім жоқ дейді.

Тағы да оқыңыз:

Головкин-Альварес: Сарапшылар не дейді?

Головкин мен Альварес ресми түрде салмақ өлшеді (фото, видео)

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Талқылау