Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лас автобустарға ашуланған Астана әкімі автопарк директорларының автобуспен жүруін талап етті

Әділбек Жақсыбеков лас автобустарды сынады. Ашуға мінген Астана әкімі тіпті автопарк директорларына қымбат көліктерінен түсіп қоғамдық көлікке отыруды талап етті.

48600a987fcc0372e23f2c38ac5eea8e-big_0

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

-Қоғамдық көліктегі тазалық нашар. Қарамайсыңдар, не болып жатқанын білмейсіңдер. Астарыңдағы машинаны тартып алып, автобусқа отырғызу керек”, – деді Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Жақсыбеков автобустардағы бейберетсіздікті Астана әкімдігінің сайтына түскен шағымдардан біліп отыр екен. Қақаған аязда жұрт автобусты ұзақ күтіп далада дірдектеп тұрады. Кондукторлар дөрекі. Бас қаланың басты көшелерінде жайлы, мұнтаздай таза автобустар жүйткіп жүргенімен, басқа аудандарға алқам-салқамы шыққан, лас қоғамдық көліктер қатынайды. Жүргізушілер де 90 теңге үшін жол бойында нағыз жарыс ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Ал жолаушылар автопарк басшыларымен бірге Астана әкімі Жақсыбековтің де автобусқа мініп, жағдайды өз көзімен көруін сұрады.

Безымянный

“Жиі-жиі жүргені жақсы болар еді.   Қақаған қыста тұру оңай емес. Таксимен жүретін ақшамыз да жоқ”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Зейнеп Сыздықов.

Талқылау