Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мақтанып біреуді теуіп жүрме": Ердос Қанаев Бағлан Әбдірайымовқа ешкімде жоқ аяқ киім сыйлады

«Жігіттер квартетінің» мүшесі Ердос Қанаев досы, әріптесі Бағлан Әбдірайымовтың арманын орындады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

baga

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында досының көптен бері армандап жүрген дүниесін сыйға тартқанын жазды. Квартеттің өзге мүшелері бұл арманын орындамаса да, Ердостың орындайтын жөні бар екенін де жасырмады. Сөйтіп, Бағлан Әбдірайымовқа үшкір аяқ киім сыйлаған Ердос жұртты күлкіге қарық қылды. 

 

«Бегла досыма керемет сыйлық алдым. Досым саған ұнайды деген сенімдемін. Баяғыдан арманың еді ғой. Досың болып осы арманыңды орындай алмасам неғып жүрмін қасыңда? Айдар, Мырзаxандар әпермей-ақ қойсын. Мен алып бердім, мен алып бермесем Ердос атыма сын болар еді. Игілігіңе ки досым. Аяғыңда тозсын. Мақтанып біреуді теуіп жүрме», - деп жазды Ердос Қанаев.

Талқылау