Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көлік мініп, бриллиант тағамын": Мақпал Жүнісова неге несие төлеуге мәжбүр екенін айтты

Несие алғанды жақсы көрмейтін Мақпал Жүнісова кімнің қарызын төлеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі НТК арнасының Ревью бағдарламасына сілтеме жасап.

Мақпал

Несие мәселесі Мақпал Жүнісоваға да жақсы таныс. Бір өкініштісі өнер иесі, біреулердің несиесін төлеп жүрген көрінеді. Бұл халық әртісіне көрсетілген қоқаң-лоқы ма, жоқ әлде ет жақындарына деген жәрдемі ме? Жақындарынан көмегін аямаған әнші несие жөнінде әңгіме қозғады.

"Менің туысқандарым бар несие алып жатқан. Олар алады, мен жабамын. Бір-екеуінікін төлеп бердім. Сосын алмаңдар деп айттым. Неге несие аласыңдар? Шамаларыңа қарамайсыңдар ма? Алдыңда жейтін нан, шайың болса, киімің бүтін болса, несиені қайтесіңдер? деп ұрыстым. Барға шүкір деу керек. Көлік мініп, той жасаймын, шуба, бриллиант тағамын деп қарызға белшеден батып отырудың қажеті жоқ", - дейді Мақпал Жүнісова.

Несиені алып та, жауып та көрген Айгүл Иманбаева да бұл тақырыпта еркін пікір білдірді. Өнер иесінің айтуынша, жұрттың көзіне жарқырап көріну үшін несие алатындардың психологиясы дұрыс емес. Әнші сондай жандарды нағыз кедей деп есептейді екен. Иманбаева ханым мүмкіндік болса өзі жасаған қателікті өзгелер жасамағанын қалайды.

"Тек брэнд киім киіп, сәндегі заттармен ауыратын, жағдайы болмаса да той жасап, жарқ-жұрқ етіп жүруге талпынатын адамдар рухани тұрғыдан да кедей болады. Ең алғаш несие шыққан кезде 1998 жылдары несие алу, оны жабу дегеннің талайын бастан өткердік. Мүмкіндік болса алмаған дұрыс", - деді Айгүл Иманбаев.

Талқылау