Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айқын мен Алмастың жас кезіндегі видеосы жұртты күлкіге қарық қылды

Айқын Төлепберген Superstar.kz жобасындағы видеоны жариялап, желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алмас

Бейнежазбада Алмас Кішкенбаев пен Айқын Төлепбергеннің жоба алдындағы берген сұхбаты таспаланған. Қатарластарына әділқазылардың алдында өзіңді еркін ұстап, сенімділік таныту керектігін, ешнәрседе қорықпаған жөн екенін айтып, жеңіс тілеген екен Айқын.

«Бұл байқауда әділқазылардың алдында қобалжымай, барлық өнеріңізді салып, өзіңізді жан-жақты көрсетуңіз керек. Сыртқы бейнеңіз емес, талантыңыз маңызды», - деді Айқын.

 

Ал сәттілікті бірінші орынға қоятын Алмастың шынымен де Superstar.kz жобасынан кейін жолы болды. Сәттілігінің арқасында сахнаның жарық жұлдызына айналған Алмас та әріптесі Айқыннан кенже қалмаған көрінеді.

«Бәрінен бұрын сәттілікке сену керек. Екіншіден, өзіңізге сенімді болуыңыз шарт. Сонымен қатар, ең танымал әндерді шырқаған дұрыс», - деген екен Алмас Кішкенбаев.

Желі қолданушылары өз кезегінде видеоны көріп отырып жақсы естеліктерді еске түсіргендерін айтып жатыр. 

Талқылау