Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат Әділгерей президент болып сайланды": Әзілкештің әйелінің әзілі желіні "жарды"

Бақыт Тұрман әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің видеосын бөлісіп, оның да президентікке үміткер екенін айтып әзілдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат

Әнші Украинадағы Президент сайлауын тілге тиек ете отырып, қалжыңдағысы келген. Бақыт Тұрман өмірде бәрі мүмкін екенін айтып, жұртты күлкіге қарық қылды.

"Балаларға қалай әсер ететінін көрейін деп президент әлі кім болатыны белгісіз болған уақытта отбасы ішінде осындай әзіл сурет жасағанмын. Өтті. Бүгінгі Украина мемлекетіндегі сайлаудың нәтижесі өмірде бәрі мүмкін немесе демократия деп осыны айт дегенге әкеліп тұр. Ал бізде "Армандапсың, ақ тоқты" деп айтатыны белгілі", - дейді әнші. 

 

Әрі қарай ол, ең бастысы, балаларының бір мезетке көңіл-күйінің көтеріліп қалғанын айтты. 

"Суретті көшіруге қатаң тыйым салынады. Әйтпесе сотталып кетіп жүрерміз. Зеленский де бір дұрыс фото да жоқ екен. Ал біз құрығанда сай келетін сурет бар. Екінші видеодан балалардың реакциясын кріңіздер", - деп жазды Бақыт Тұрман. 

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде күлкіге қарық болғандарын жарыса жазып жатты. 

Талқылау