Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші рет үйленіп, бес балалы болған Айдарқұлов тағы да перзент сүйгісі келетінін айтты

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов балаларының суретін жариялап, тағы да перзент сүйгісі келетінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Бота

Актер үш баласымен түскен суретін желіге салып, бес баласының барын айтты. Сонымен қатар, Айдарқұлов келесі жылы алтыншы сәбиін қолына алатынын жеткізді. 

"Бес балам бар. Алла қаласа 2020 жылы алты балалы боламыз. Сіз қанша балаңыздың болғанын қалайсыз?" - деп оқырмандарына сауал тастады Дәурен Айдарқұлов.

Актердың жазбасын оқыған жұрт жаға ұстап, бұл қылығына көңілі толмайтынын жеткізді. Солайша екінші мәрте отбасын құрған өнер иесі тағы да сынның астында қалды.

 

"Неге екенін білмеймін. Айқын екеуіңіздің бірінші некеңізден туған балаларыңызды көріп жүрегім ауырады. Олардың орнында болғанда әкемнің басқа әйелге кеткенін қаламайтын едім. Балаларға ештеңе керек емес. Ең бастысы, ата-аналары бірге болса болғаны", - деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау