Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лаңкестер шабуылдағанда Жанар Айжанова қызымен бірге Ақтөбеде болған

Маусымның 5-і күні лаңкестердің шабуылы кезінде Жанар Айжанова Ақтөбеде  болған екен. Әнші қорыққаннан көшеге шықпай отырғандарын айтады.

image

Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 5-і күні Ақтөбе қаласының Филормония аумағында, 5-ші ықшам ауданында және “Паллада” қару дүкенінің жанында бейбіт халыққа террорлық шабуыл жасалған еді. Ақтөбедегі екі күндік арнайы операциялардан соң 13 күдіктінің көзі жойылып, 8-і ұсталды. Дәл қазір Ақтөбеде террористерді ұстау операциясы жүргізіліп жатыр.  Ал қаза тапқан ақтөбеліктердің саны 20-дан асады. Қанды оқиға арасында әнші Жанар Айжанова да болған екен. Ол ел қыдырам деп барып, үйде отыруға мәжбүр болғанын айтты.

“Мен сол 05.06.2016 күні Ақтөбе қаласында болдым. Бір-екі күн туыстарды аралап, үлкендерге сәлем беріп, бірталай үйге кіріп шығармын деп едім. Үйден шыға алмадық. Көшеге шықпаңдар деп ескертті. Не айтатыны бар, халық үрейленіп отыр. Қасиетті Рамазан айында өзін де, өзгені де аямаған имансыздардан не жақсылық күтуге болады. Жазасын екі дүниеде Алла берсін.

Сосын үйде отырып алып артистер неге үндемей жатыр деп аузына келгенді құсатындар, сендерге де ескертем. Сендер де халық арасында іріткі салушылар болып есептелесіңдер. Ақтөбе туралы менің парақшама, менің жеке басыма тіл тигізетіндерді мен де құқылы орынға тапсырамын. Оны да заң орнынан сұрап білдім. Оп-оңай тауып аламыз деді”, – деп әнші өзіне жағымсыз пікір жазғандардың жазасыз қалмайтынын ескертті.

13398964_1623520221307894_627531678_n

Ары қарай ланкестерді құрықтау операциясына өзінің де бауыры қатысып жатқанын, ол үшін де алаңдап отырғанын жеткізді.

“Ал Ақтөбеге келетін болсақ, менің де бауырларым, ағайын-туыстарым бәрі сол қалада елмен бірге көріп жатыр. Елдің амандығын тілеп, үйде дұғамызды үзбей оқып жатырмыз. Басқа қолдан не келеді. Полицияда жүрген бауырымыз да бар. Оған да алаңдаймыз. Әркім өз отбасының амандығын тілеп, бала-шағасына ие болсын.

Бұзақылар да жап-жас өрімдей жігіттер екен. Оларға ішің ашиды. Олар да азғырушыларға еріп, адасқан пенделер ғой. Ата-аналарына Алла сабыр берсін. Ал қызметте жүріп шейіт болған бауырларымыздың барар жері жұмақ болсын! Елім деп жанын пида қылған азаматтардың туыстарының қайғысына ортақпыз, енді сіздерді жаратқан Алла жылатпасын. Қалғандарыңызға амандық берсін. Халайық, қазақ елінің тыныштығын сұрап қасиетті Рамазан айында күні-түні дұға тілейік!” – деп әнші барша жұртқа амандық тіледі.

Десе де, Жанар Айжанова артынша Ақтөбедегі туысқандарын аралап, суретке түскен. Өзімен бірге қызы Айжұлдыз да барған екен.


Жіберіп алмаңыздар:

Қазақстандық жұлдыздар мен спортшылар ақтөбеліктерге көңіл айтып, құран оқытты

Қазақстандық жұлдыздар жазғы демалысын қалай өткізіп жатыр (фото, видео)

Айқынның әнші болуына қолтырауынның қандай қатысы бар

Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)

Талқылау