Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лана өзін елемеген қазақстандықтарға өкпелі

“Калейдоскоп” бейнебаянынан кейін-ақ скрипкашы Қорлан Күнсеркинаның танымалдылығы артты. Лана деп танылған жас талант өз өнерімен өз елін ғана емес, шетелге де танылды. Дәл қазір ол шетел сахналарында өнер көрсетіп жүр. Осыдан үш жыл бұрын Мәскеуге қоныс аударған Лананың туған елге қайтқысы жоқ. Себебі, ол қандастарына ренжіп жүрген сыңайлы.

1
Фото: instagram.com/lanaviolin/

Бұл туралы Stan.kz  31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

“Жуырда Мәскеу елшілігі маған марапаттау қағазын беретіндіктерін айтты. Әлі қолыма табыстамаса да, қоңырау шалып құттықтап жатты. Өзімді сондай жақсы сезініп қалдым. Ал Қазақстан Үкіметі неге екені белгісіз бұл мәселеде мені айналып өтті”, – дейді Лана.

Осылайша өкпелеп жүргенін айтса да, ол туған жеріне деген сағынышын жасырмады. Себебі, өзге елдің дәстүрі мен менталитетіне сіңісе алмай қиналып жүр екен.

“Мәскеуде тұрған ұнаса да, туған елді қатты сағынып жүрмін. Халқымыздың  ақжарқын  жүзіне, менталитетіне ешкім де теңесе алмайды. Мүмкін бұл шуақты күндердің көптігімен байланысты шығар. Бізде қарт адамдар да өзгеше, ата-әжелеріміздің жүздері де жылы. Ал Мәскеу зейнеткерлерінің жүзі суық көрінеді”, – дейді ол.

Мен қатты сағынып жүрмін. Мәскеуде тұрған ұнайды. Бірақ біздің түр, күлкі, менталитетке ешнәрсе теңесе алмайды. Мүмкін бұл күн сәулесінің көптігімен байланысты шығар. Бізде қарт адамдар да өзгеше, ата-әжелеріміз үнемі күлімсіреп жүреді. Ал Мәскеуде зейнеткер тым қатал болды.

13551742_278699502484893_1241901235_n

Лана отаз жастан асқан шағында ана атанған-ды. Музыкашы баламен үйде отырып қатты қиналғанын айтады. Ана атанып, бала тәрбиесімен айналысу өзі ойлағандай оңайға соқпаған екен.

“Мен күткендей болмай шықты. Бұл сөзіммен көп ана келісетін шығар. Теорияда барлығы басқаша болады. Ал практиканың өзі бөлек дүние. Күндердің бір күнінде өзіңнің тотықұсқа айналғаныңды сезінесің. Тіпті 10 рет ескерту жасаудың өзі аздық етеді. Бала болғандықтан, айналадағы заттарды сындырады, қиратады.

Ал жауапкершілік тек біздің мойнымызда. Мысалы, кеше Георгиий менің ағамның үйінде тұрған глобусты сындырып алды. Ағам өз кезегінде ренжіді. Мен болсам балаға дұрыс қарамаған өзінің кінәлі екенін айттым. Босанған соң өзімді тамаша ана боламын деп ойлаушы едім. Себебі, барлығын теория жүзінде білетінмін. Ал дәл қазір бұл білімім аздық етіп жатыр”, – дейді Лана.

Музыкашының жолдасы кәсіби психолог болғандықтан, бала тәрбиесінде көп көмектеседі. Ланаға түрлі кеңес беріп, жасандылықтан ада болуға үйретеді екен.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай


Жіберіп алмаңыз:

Тоқтар мен Бейбіт әріптестеріне бола өнерден кетпек

Қайрат Түнтеков: Өзімді “төбелеген” журналистерге ренжіп жүрмін

Қайрат Нұртас өзі туралы жалған ақпарат таратқан журналистерге ренжулі

Мұрат Мұтырғанов әкесін циркке билетсіз кіргізбегендерге наразы

Талқылау