Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйзелістен тым семіріп кеткен оқушы қалайша сымбатты жігітке айналды (фото)

Ричар Брянский 2005 жылы күтпеген жерден әкесі қайтыс болған соң артық салмақ қоса бастаған. Қайғылы оқиғадан соң ол тағамды шамадан тыс жей берген. Толып кеткендігі соншалық ол мектеп партасына сыймай қалған.

1469264407_paren-smog-poborot-depressiyu-i-sbrosit-135-funtov-1

Сурет: nz1.ru

«Менің әкем диабетпен ауыратын. Сондықтан үйдегі бар шаруаны мен атқаратынмын. Мектепте оқыған алғашқы жылдары әкемнің денсаулығы нашарлап кетті. Мектептен үйге келсем итіміз үйде емес, табалдырықта отыр екен. Үйге кірсем, әкем жерде сұлап жатыр. Осы уақыттан бастап мен тамақты шамадан тыс жей беретін болдым. Дәрігерлер маған бұлай бола берсе жастайымнан ажал құшатынымды айтты. Сондықтан өмірімді өзгертуге бел байладым», – дейді Ричард.

1469264393_paren-smog-poborot-depressiyu-i-sbrosit-135-funtov-3

Ол тамақты көп жемеуге бекініп, аз калориялы тағамдар тұтынған. Сонымен қатар жаттығулар жасап, бодибилдингпен айналысқан. Қазір ол өзі жеткен жетістігін мақтан тұтады.

Жіберіп алмаңыз:

Салмағы 140 келі болған британдық жігіт журнал мұқабасына шығам деген мақсатына жетті (фото)

Артық салмақтың әйелдерге қарағанда ерлерге үш есе қауіпті екені анықталды

Зерттеу: қазіргі уақытта артық салмақтың денсаулыққа келтірер зияны аз

Асқабақ диетасын ұстап, күніне жарты келі артық салмақтан арылуға болады

Жаңа Зеландиялық ару сымбатты көріну үшін 92 келі салмақ тастады (фото)

Талқылау