Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйзелісте жүрді: Алматыда көз жұмған үндістандық студенттің достары оның соңғы күндері туралы айтты

Алматыдағы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде оқыған үндістандық Кумар Хемант 9 қарашада көз жұмған еді. Ол сол күні қала ішінен бір түнге пәтер жалдаған. Ал жас жігттің өліміне күдіктеліп отырған келіншек онымен бірге көңіл көтерген екен. Ал марқұмның достары оның соңғы уақыттарда күйзелісте жүргенін айтты, бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Күйзелісте жүрді: Алматыда көз жұмған үндістандық студенттің достары оның соңғы күндері туралы айтты

Алматыдағы пәтерлердің бірін бір түнге жалға алған студент 31 жастағы келіншекпен бірге көңіл көтерген. Алайда таңертең пәтер иесі жігітті қансырап жатқан жерінен тауып алған. Бірнеше жері тігіленіп, ауруханаға жеткізілген Хемант сол жерде көз жұмды.

Үндістанның Бхаратпур қаласында тұрған Кумар Хемант Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетітінің 3-курсында ақылы түрде білім алып жатқан. Алайда үлгерімі нашар болғандықтан, бір курсты қатарынан екі жыл оқыған.

Ал университеттегілер оған жатақхана берілмегені туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

«Ол студент ешқандай өтініш білдірген жоқ. Тек бірінші курста жатақханада тұрды. Екінші курстан бастап ол жеке пәтерде тұрған. Қазір біз елшілікпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Университет көмек көрсетеді», – дейді Қазақ ұлттық медициналық университеті коммуникация басқармасының басшысы Марина Тян.

Ал Кумардың курстастарының сөзінше, ол ешкімге зияны жоқ, момын жігіт болған.  Ал отандастары оның соңғы уақыттарда күйзелісте жүргенін айтып отыр.

«Оның мұндай оқиғаға тап болғанын бірінші рет естідік. Оқу үлгерімі нашарлап, бір жылға қалып қойғанда, күйзеліске түскені есімде. Өзімен-өзі жүретін еді», – дейді курстасы Рави Сингамалла.

Ал полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтады. Ол сол түні Кумармен бірге көңіл көтеріп, ішімдік ішкен екен. Артынша екеуінің арасында жанжал туындаған. Артынша келіншек жас жігітке белгісіз затпен тап беріпті.

«Осы қылмысқа қатысы бар күдікті бір сағаттың ішінде ұсталды. Ол 31 жасар Түркістан облысының тумасы. Алматыға нан табуға келген азаматша екен. Ол өз кінәсін толық мойындады», – дейді Алматы қалалық Полиция депатртаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиғаның мән-жайы тергеу аммлдарынан кейін аяқталады. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол кемінде 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ал Кумар Хеманттың мүрдесі бүгін Үндістанға жөнелтіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда үндістандық студентті өлтіріп кеткенін хабарлаған едік. Оны өлтірді деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау