Күйзеліске түскен Анджелина Джоли өлім аузында жатыр

Сәрсенбі, 30 Қараша , 2016 13:07

Голливуд жұлдызы Анджелина Джолидің өміріне қауіп төніп тұр. Танымал актриса соңғы кездері өмірінде орын алған оқиғалардан қатты жүдеп кеткен. Оның қазіргі салмағы небәрі 34 килограмды құрап отыр. Дәрігерлер Джолидің денсаулығына алаңдаушылықпен қарауда.

a99559c3c009caf0904ca2d58dab4c52

Күйеуімен ажырасу, балаларын өз қамқорлығында қалдыру мәселелерімен күйзеліске түскен Джоли 34 килограмға дейін арықтап, адам танымастай өзгеріп кеткен.

«Энджи өз эмоцияларын қадағалай алмайды, өзін өзі ұстай алмайды. Болған оқиғаларға алаңдап, қатты жүдеп кетті. Қолының жіңішкелігі соншалық, сүйектері көрініп түр», – дейді Джолидің досы Radar Online-ға берген сұхбатында.

Дәрігерлер де танымал актрисаның денсаулығы үшін алаңдауда.

«Ол шектен шығып кетті. Денсаулығына қауіп төніп тұр. Қазір ол өмір мен өлімнің арасында күй кешуде», – дейді нью-йорктық терапевт-дәрігер Стюарт Фишер.

Анджелина Джолидің қыркүйек айының ортасында ажырасуға арыз берген күннен бастап тәбеті қашқан. Ал балалары үшін Брэд Питтпен талас басталған кезде актриса тіптен тамақтанудан бас тартқан. Оған себеп – Джолидің жүйкесінің сыр беруі.

Бұрынғы жұбайлар бүгінде балаларын қамқорлыққа алу бойынша дауласуда. Джоли алты баласын да өзіне қалдырып, оларды әкелерінен мүлдем алыстатқысы келеді. Ал Питт ортақ балаларды бірігіп тәрбиелеу керек екенін алға тартуда. Бұл орайда Брэдтің жеңіске жетуге мүмкіншілігі көп.

Бұған дейін актерге тағылған айыптардың барлығы теріске шығарылғандықтан, Джолидің жағдайы одан әрі нашарлай түскен.

«Тергеу нәтижелерін естіген кезде өз шашын өзі жұлардай халге жетті», – дейді актрисаның жақындары.

Айта кетейік, құқық қорғау органдары Питтің өз балаларына қатысты қандай да бір зорлық әрекеттерін қолданғанын дәлелдей алмады. Ал Лос-Анджелестегі балаларды қорғау бойынша қызмет актердің үстінен қозғалған істі тоқтатқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Бейбіт Көшқалиев өзінің университеттегі ұстазына үйленгенін мойындады

Гүлнұр Оразымбетова өзін “отбасын бұзған әйел” дегендерге жауап берді

Сиви Махмұди: Жолдасым үйленбес бұрын маған компромат іздеген

Жетімдер әнін шырқаған Нұрмұхаммед қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар