Күйші: Домбырамды су жаңа «Тойота Камри 40» көлігіне айырбастамай қойдым

Жұма, 25 Қараша , 2016 12:37

2008 жылы өткен Тәттімбет атындағы республикалық байқаудың бас жүлдегері, күйші Қайрат Айтбай домбырасын көлікке айырбастамай қойғанын айтып берді.

15209266_1801265756788138_2108181128_n-3

Бұл туралы Егемен Қазақстан хабарлайды.

— Қайреке, қолыңыздағы көне домбыраңыздың атағын естіп аңсарымыз ауғалы біраз болды. Су жаңа «Тойота Камри 40» автокөлігіне баспа-бас сұраған адамдар болды дейді. Осы рас па?

— Бір айтулы ақын ағамыздың осындай ұсыныс жасағаны рас.

— Бермедіңіз бе?

— Енді, қолымда отыр ғой. Кейін тағы бір исі қазаққа белгілі әнші ағам, «Бұл домбыраға үй берем десе ойланып көрер ме едің?» деді. Домбыра танитын күйшінің бәрі ерекше ықылас танытады. Концерттерде күй тартқанымда тыңдармандар ішінен, «Домбыраңның үні басқа домбыралардан өзгеше екен» деп жатады.

— Құпия болмаса ол кісілердің атын атауға бола ма?

— Ешқандай құпиялығы жоқ, бірақ ел-жұрттың алдындағы беделді кісілердің сұрағанын бермей бетін қайтардым деп атын атап отыру ыңғайсыз ғой.

— Ал, сонда бұл домбыра сіздің қолыңызға қалай түсті? Кімдікі? Қай жылы жасалған?

— Осыдан үш жылдай уақыт бұрын қолыма түсті. Бір күні ауылда тұратын ағам хабарласып, осындай домбыра тауып алдым деді. Дереу алғыздым. Келгенде қарасам, мойны, беттақтайы сыныпты. Арқасында «1937» деген және төте жазумен жазылған жазу бар екен. Кейін жігіттер, «Айтбайдан…» деген жазуды оқыды, тағы бір жазулар өшкіндеу екен, дұрыс оқылмады. Қызық, менің фамилиям Айтбай ғой, бірақ бұл домбыраның фамилияма еш қатысы жоқ. Қалай екен, бұл домбыраның сөйлейтініне еш күмәнім болған жоқ. Қазақы адам түрінен көрініп тұрады ғой, сол сияқты домбыра өзіне тартты да тұрды. Сөйтіп ағама, «Енді бұл домбыра туралы ойлаушы болма» деп, орнына жүз сексен мың теңгеге жасатқан домбырам бар еді, соны салып жібердім.

Бұл домбыраны сол Петропавл жақта біреу қоқысқа лақтырып тастаған дейді. Оны біреу көріп ала салған. Ол тағы бір кісіге берген, одан біреу бір жарты арақ беріп алған деген секілді шым-шытырық шатысқан тарихы бар әйтеу. Қысқасы, соңында менің туған ағам бір ауылдасының үйінде сынып жатқан жерінен көрген де сұрап алған. Содан мен мұны шеберге беріп, сынығын таңдырдым ғой. Керемет істеді. Беттақтайын да ауыстырды, онысы енді өте сәтті шықты. Мойны жуан болғаны дұрыс еді, сәл жіңішкеріп кетті, оны мен де басында ескертуім керек еді, айтпаппын. Сөйтіп, шек тағылып, перне басылғанда ойлағанымдай, тіпті одан он есе керемет болып шықты ғой, сөйледі кәдімгідей. Армандаған күйлерімді қапысыз тартқызатына сендім. Ол қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

— Қандай күйлер еді арманыңыз?

Өзі осындай домбыра жолықса деп армандап жүруші едім. Оның себебі, бала кезден бері Әбікен Хасеновтің тартқан күйлерін тура солай тартсам деген арманым болатын. Домбыраға енді қызығып жүрген 16 жасымда туған ағам Ербол, «Әбікен Хасеновті неге тыңдамайсың» деп айта беретін. Бірінші рет «Сарыжайлау» күйін тыңдадым. «Шіркін-ай, осылай тарту керек екен ғой» деп ойладым. Бірақ, ол кезде ессіз құштарлық қана еді, кейін саналы, кәсіби түрде жан-жағынан мойындадым.

dombyra

Басқа музыканттармен, керек десеңіз, әлемнің не бір мықты музыканттарымен салыстырдым. Әбікен Хасенов шынында теңдессіз музыкант. Мәселен, Леонардо До Винчидің «Моно Лизасына» адам қандай көңіл күймен қараса, картинадағы Моно Лиза да оған солай қарайды екен деп айтады ғой. Ал енді біз ұстазым Жанғали Жүзбай екеуміз Әбікеннің орындауындағы күйлерді талай тыңдадық, талай рет «осы жерін осылай тартқан» деп бекітіп тастаған кездеріміз болды. Бүгін қарасаңыз, екпінмен тартқан сияқты, келесі күні тыңдасаңыз өте баяу тартып отырады. Ғажап па? Ғажап! Енді осылай Әбікенше тарту үшін, соныкіндей домбыра керек болатын. Сол арманым осы домбыраны тапқан кезде орындалды. Кейін салыстырып көрсем, Әбікен Хасеновтің домбырасының үнімен бірдей.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлттық банк “Қырқынан шығару” деген атаумен теңге шығарды

Астанада ер адам -30 градус аязда жұқа жейдемен емін-еркін көшеде жүрді (видео)

Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусинова зорлау ісі жайлы ашық айтты

Ақтауда жүздеген тұрғын көз жұмған 6 жасар Викториямен қоштасуға келді

Елбасы билік басында ұзақ отыр деген сынға қатысты пікірін білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар