Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйіп қалған қостанайлық 4 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Өткен аптада Қостанайда бензинмен ойнаймын деп күйіп қалған 4 жасар Артем Логовчин жансақтау бөлімінде, деп жазады Қазақпарат.

Оқыс оқиға 12 тамызда болды. Бала көрші үйде ойнап жүріп, абайсызда аяғын күйдірді.

Анасының айтуынша, көрші үйдің баласы фокус көрсетпек болып отқа бензин құяды. От жанында 4 жасар ұлы тұрған. От оның шалбарына тиіп өртене бастаған. Үйге жүгіріп келем дегенше Артемның аяғы күйіп кетеді. Көршісі көріп қалып баланың киімін шешіп тастаған.

Анасы баласына аудандық ауруханада дұрыс ем жүргізбеді деп Қостанайға алып кетеді.

«Қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы да ота жасалады. Балама қан керек болып жатыр. Дәрігерлер нақты ешқандай қорытынды айтқан жоқ», – дейді анасы Марина.

 

Талқылау