Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеусіз босанып, баласын көшеге тастап кеткен әйел өзін түсінбеген заңгермен  ұрысты

Заңгер Камшат Есмұхамедқызы Stan.kz сайтына сұхбат берген кезде балаларын қараусыз қалдыратын,  салдарынан зорланып, баланың оқиғасын жасыратын аналарды заңмен жауапқа тартуды ұсынған болатын.

көрнекі сурет

Құқық қорғаушының ұсынысына көңілі толмаған көкек аналардың бірі өз қылмысын мойындай отырып, тұрмысқа шықпаған, бала сүймеген адамдарды жазғыра сөйледі. Оның сөзінше қыздар баласын амалдың жоқтығынан көшеге тастап кетеді екен.

«Кеше жекеме Сарбиназ деген сіңлім, ашуға булығып хат жазды. интервьюмде ата-аналарға жаза тағайындау туралы ұсыныс көтеруім орынсыз деп айыптады. Сонымен қатар, менің әлі ана атанып көрмегенімді бетіме басып, баланы туып оның ауырлығын сезінбей жатып, ата – аналарға жаза қолдануды үкімет деңгейінде сұрау орынсыз деп өкпесін жеткізді.

Сәрбиназ бір кездері оң босағада  бала көтеріп, туып алғанан кейін жігітің үйіне барған. ол жігіт Сарбиназға «үйленбеймін» деп нәрестеден бас тартқан көрінеді.

Сарбиназ көше бойы аралап, біраз жылдан берлі бала сүймеген от басының есігінің алдына қыстың күні бір орам матаға  байлап балақайды тастап кеткенін жазып отыр. Енді бала есейген соң жүрегі ауырып баласын қайтарып алмақшы екен. Бірақ өте кеш емес пе? «Мен баламды біреулерге беріп бақтырғанға айыптымын ба?» дейді.

«Өзім жас болдым» деген ақталумен, түрлі сылтауын келтірген хатты соңына дейін оқымай сау болыңыз, сіз нағыз қылмыскерсіз дегеніме, ашуға булығып маған бар қаһарын шашты.

Сарбиназ міне қара, сенің мына (баласын сөмкеге салып көшеге тастап кеткен келіншек)  әйелден қай жерің кем? ал жасаған қимылдарың қылмыс емес пе? 21 ғасырда тұрып, балаларды әлі далаға тастайтын жабайлықтан арылмай келеміз. Қауқарсыз нәрестені далаға тастап, өскен соң қайтарып алатын сіздерге бала ойыншық па?

Зорланған жас өспірімдердің көз жасын көргенімде жаным езіліп, ал ата-аналар қылмысын жасырып жасөспірімдердің өміріне балта шауып отырғаны, қылмысқа жатпай ма? Сонда балаларды осылай далаға тастап, жасөспірімдерді зорлатып қойып, олардың құқығын ескермей, болашағын таптап отырған адамдар мақұқлықтанда төменсіңдер.

Сіздер мен үшін қылмыскерсіздер. Баланы далаға тастағанша, балалар үйіне апарып бер, немесе сол роддомда бас тартуғада болады, туысқанға беруге де болады емес пе? Оған қылмысқа бармай мәденитеті түрде баланың тағдырын шешуді мен үйретейін бе?

Жасөспірімдер зорланғанда ата-ананың үлкен қорқынышы пайда болады екен, яғни полиция жауапсыздығым үшін мені  кінәлайды деген ата-аналар қалайда оқиғаны бүркемелеуге тырысады.

Біз зайырлы құқықты мемлекете тұрамыз, балаға жауапсыздық ара жігін ажратуға болады. Одан қалса ата-ананы кінәламайды, тіпті соған әкеп жатсада қолданылатын жазада жеңіл, менімше сол үшін екі есе жауапты күшейту керек.  Ал қызыңыз яки ұлыңыз зорланып отырып, соны қорғамау таза қылмысқа жататынын біліңіздер, жасөспірім баласын қорғамайтын, ата ана екі дүниеде бақытсыз болады. Себебі бала сіздің қанат қақан періштеңіз, өміріңіздің жалғасы екенін  бала тумаған мен айтайын!!!

Мен ылғи ата-анама бас иіп, өмірімде қандай қиын жағдай болмасын, қызын қыздай қорғаған әкем мен шешеме мыңда бір рахмет!!!

Сондықтан достар балаларыңызбен ара қашықта болсаңызда, әйелдеріңізбен ажрасып ортада бала қалсада, жағдайын сұрап, ұрпақтарыңыздан бас тартпай жауапкершіліктің барын ұмытпай жүріңіздерші !!!»,-деп жазды заңгер Камшат Есмухамедқызы.

Оқи отырыңыз:

Ажырасу мен айықпас дерт: Танымалдығын арттыру үшін «жұлдыздар» тағдырын өздері жазып әлек

«Дос-Мұқасан» тобы құрылғанына 50 жыл толуын сүйікті тыңдармандарымен бірге атап өтті (фото, видео)

Заңгер: Бізде тергеушілер бірден педофилдерді қорғап, барлығына зорланған қызды кінәлайды (видео)

Роза Қуанышқызы: Жұрт мені сыр бермейтін «темір әйел» дейді. Бірақ, жалғыздықта көп жыладым

“Айырылыстық” деп жар салған Дәурен мен Ақбота ұсталып қалды

Талқылау