Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуін еліктіру үшін: Жыланға ұқсайтын шұлық киген әйел ауруханадан бір-ақ шықты

Тунисте әйел жыланға ұқсайтын шұлық киіп алып, күйеуінің көңілін аулағысы келген. Алайда бұл әрекетінің нәтижесінде ауруханадан бір-ақ шықты.

Күйеуін еліктіру үшін: Жыланға ұқсайтын шұлық киген әйел ауруханадан бір-ақ шықты

Бұл туралы Rassd Tunisia порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам жатын бөлмеге кіріп, әйелінің киімін көрген кезде, төсекте шынымен де жылан жатыр екен деп ойлаған. Ол бірден асүйге жүгіріп, пышақ алып келіп, жыланның басына сұғып алыпты. Алайда ол жылан емес, әйелінің табаны болып шыққан.

Әйелдің аяғы қатты жарақаттанып, салдарынан жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер жарақатын таңып берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау