Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуін ашынасымен ұстап алған әйел жүріп бара жатқан көлігіне секіріп, терезесін шағып тастады (видео)

Қытайлық әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін көріп қойып, жүріп бара жатқан көлікке секіріп, алдыңғы терезесін сындырып тастады.

Бұл туралы Yangtze Evening News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Нанкин қаласында орын алған.

Видеода әйел қара түсті Audi көлігінің капотының үстінде отыр. Ал көліктің ішінде оның күйеуі мен ашынасы отырған көрінеді.

«Есікті аш! Оңбаған, шық көліктен. Кет әрі», – деп айқайлаған әйел көліктің терезесін таяқпен ұруда.

Күйеуі жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде көлігін тоқтатты. Өз кезегінде ашуланған әйелі оған тап берді.

«Сен үй сатып алатынымызды айтқансың. Кеше ғана екеуіміз үйлерді қарадық. Ал бүгін ашынаңмен отырсың», – деп ұрысты әйел.

Оқиға куәгерлері көліктің есігін ашып, ішінде отырған қызды кемсітіп, ұялта бастады. Ал бойжеткен оларға сөз қайтарып, ұрысып жатты.

Нәтижесінде полицейлер үшеуін де ұстап әкетіп, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау