Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуімен дуэт айтқан Гүлзира Айдарбекова желіні шулатты (видео)

Жақында Қайрат Нұртастың анасы әнші болып кетсе таңғалмаңыз! Себебі Гүлзира Айдарбекова концерттерде күйеуімен бірге дуэт орындап жүр.

20065766_286809518458281_1604830206781030400_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Гүлзира Үсенқызы “Махаббат әлемі” атты концертте жары Нұртас Айдарбековпен бірге оның репертуарындағы “Жылдар өтсе де” әнін орындаған.

Айдарбекованың айтуынша, оның әнші болатын ойы жоқ. Тек аталған концерт махаббат тақырыбында болғандықтан, “бірігіп ән айтуларыңыз керек” деген Жанатбек Байтековтің өтінішін жерде қалдыра алмапты.

“Әнші емес жай Қайраттың продюсері ретінде және Нүрекеңнің жары ретінде қабылдап қараңыздар. Ұнамаса көңіл-күйімді түсірмей, қарамай, өтіп кетсеңіздер болады”, – деп оқырмандарына өтініш білдірді Гүлзира Үсенқызы.

Ал желідегілер продюсердің әнді тәп-тәуір айтатынын алға тартты.

“Дауыстарыңыз керемет, бақытты болыңыздар”, “Керемет”, “Нұртас ағаның даусы керемет, табиғи, тембрі әдемі”, “Ескірмейтін махаббат”, “Маған шыны керек қатты ұнады, әндеріңіз де, орындауыңыз да”, – деп пікір білдірді олар.

Өз кезегінде продюсердің ән айтқанын сынағандар да табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира ханым үйіне келінін адыраспандап, үкі тағып кіргізді (видео)

Зәулім үйінің алдында беташар өткізген Гүлзира Айдарбекова елді тәнті етті (видео)

Гүлзира Айдарбекова екінші рет келін түсірді (фото, видео)

Ерке Есмаханның әнін енді әжелер айтып жүр (видео)

Талқылау