Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуімен ажырасқан актриса Тәуекел Мүсіліммен құшақтасып түскен суретін жариялады

Белгілі актриса Дарья Александрова мен Тәуекел Мүсілімнің құшақтасып түскен суреті желіні шулатты. Осыдан бірер ай бұрын ғана күйеуімен ажырасқан актрисаны жұрт енді Тәуекел Мүсіліммен жұптастырып қойды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Күйеуімен ажырасқан актриса Тәуекел Мүсіліммен құшақтасып түскен суретін жариялады

Бірер сағат бұрын Дарья мыңдаған қыздың арманына айналған Тәуекелдің құшағында тұрған фотосын жариялады. Бірақ ешқандай жазба қалдырмады. Соған қарап желі қолданушылары қос актерді жұптастырып үлгерді.

Еске сала кетейік, Дарья Александрова жақында ғана күйеуімен айырылысқан болатын. Актриса қызы дүниеге келген соң, жолдасымен түсінісе алмағанын айтқан еді. Дарьяның жары өзінен 13 жасқа үлкен болған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау