Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі туралы жақ ашпайтын Мөлдір Әуелбекова алғаш рет оның қызметі туралы айтты

Таңдаған жарының суретін көрсетіп, тұрмысқа шыққанын жариялағанымен Мөлдір Әуелбекова күйеуі Арыстан туралы көп айта бермейді. Оның қызметі туралы сұрақтан мүлдем басын ала қашады.

20170708201837231

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші бұл жолы да әдетінен айныған жоқ. Өмірлік серігі туралы сұраққа: “Келесі сұрақ”, – деп қысқа қайырды. Алайда азды-кем әңгіме барысында өмірлік серігінің Көкшетауда ауыл шаруашылығымен айналысатынын айтып қалды, деп хабарлады Hit-TV арнасы.

Соңғы кездері шығармашылыққа білек сыбана кіріскен әнші 8 айлық сәбиін өзімен алып жүреді екен. Себебі күтуші ұстағанды ұнатпаймын дейді ол.

Бұдан өзге, Мөлдір жас әнші Қуандық Рахыммен дуэт әзірлеп жатқанын айтып қалды. Жаңа ән жақын арада тыңдарман назарына ұсынылмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Сүйіктісі Дана Нұржігітті ұзатып алып кетті (фото, видео)

Баян синдромы: 2 баласы бар келіншек Баянның кітабын оқып, күйеуімен ажырасуға бел буған

Бір топ күзетшімен жүретін Ninety one тобы кімнен қорқып жүр?

Кәмшат Жолдыбаева купальникпен түскен видеосы үшін жұрттан сөз естіді (видео)

Талқылау