Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі соққыға жыққан жұлдыздар кімдер (фото)

Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жыққаны туралы ақпарат күллі халықты толғантып жіберді. Алайда, кино және эстрада жұлдыздарының күйеуінен соққы алып жататын жағдайлар жиі кездесіп жатады. Осы орайда күйеуі соққыға жыққан жұлдыздар жайлы айтып өтпекпіз, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

d595bc56eb52e4254a9abd9289094b26

Қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі ұрып, Баян ауыр халде  ауруханаға түскен еді. Кейіннен оның күйеуін 2 айға қамауға алды. Дәрігерлер Баянның жағдайы ауыр екенін айтқан еді.

12173373

2010 жылы Ресейдегі бас жеңге рөлін атқарушы, тележүргізуші Роза Сябитованы күйеуі ұрған. Ол бұл туралы атақты ток-шоуда айтып берген еді.

12173653

2014 жылдың күзінде БАҚ-та актриса Екатирина Архарованы да күйеуі актер Марат Башаров соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған. Екатеринаның жақындарының айтуынша, оның мұрны сынып, бас-ми жарақатын алған.

12172900

Әнші Валерия өз отбасы жайында жайып салған алғашқы ресейлік жұлдыз. Әнші 2002 жылы күйеуінің көп жылдан бері оны ұрып келгенін, сондықтан онымен ажырасып кеткенін айтқан.

12173120

Кристина Орбакайте де күйеуінен жәбір көрген әншілердің бірі. 2001 жылы оны азаматтық некедегі күйеуі, атақты ресейлік бизнесмен Руслан Байсаров ұрған еді. Әнші ол кезде мұрны сынғанын айтқан.

12173012

2006 жылы Жасминді күйеуі гастрольдік сапардан кейін ұрып, әншінің мұрны сынып, ауруханаға түскен еді. Оқиғанадан соң олар ажырасып кеткен.

GettyImages-487016136

Голливудтік актриса Эмбер Херд жолдасы Джонни Дептті өзін ұрып-соққаны үшін ажырасуға арыз берген еді. Депптің өзін ұрғаны жөнінде актрисаның өзі мәлімдеген.

Талқылау