Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі мен әйелінің диагнозы бір: Танымал артистер қатерлі ісікке шалдықты

Ресейлік «Дюна» тобының лидері Виктор Рыбин мен жұбайы Наталья Сенчукова қатерлі ісікпен күресіп жатқанын мойындады.

Күйеуі мен әйелінің диагнозы бір: Танымал артистер қатерлі ісікке шалдықты

Бұл туралы музыканттар НТВ арнасының «Секрет на миллион» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерлі-зайыптының сөзінше, 4 жыл бұрын Сенчукованың аяғынан кішігірім дақ байқалған. Дәрігерлер әншіге «мүйізгектену» (кератоз) диагнозын қойыпты. Жарты жылдан кейін Рыбиннің бетінде сырқаттың дәл сондай белгілері пайда болған. Артист косметологтың көмегіне жүгініп, өз кезегінде маман оған бетіндегі дақты лазердің көмегімен жоюға кеңес беріпті. Алайда бұл процедура көмектеспей, дақтар қайта пайда болады.

Медициналық зерттеуден кейін Рыбин мен Сенчукованың қатерлі дертке шалдыққаны анықталған.

«Қиындықтар бар. Сіздерді онколог күтуде. Терінің қатерлі ісігіне шалдыққансыздар», – депті дәрігер.

Артистердің сөзінше, олар сәулелендіру терапиясының курсын қабылдаған. Ендігі қайта тексеруден өту үшін, нәтижесін күтуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау