Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі әйелін қағып өлтірген жүргізушіні аңдып жүріп атып тастады

Қылмысқа бара алында күйеуі Facebook желісіндегі парақшасында «Гладиатор» фильмнің бас кейіпкерінің суретін қойып, «Мерт болған баланың әкесі, көз жұмған әйелдің күйеуі, мен бұл өмірде немесе келесі өмірде кек қайтара алам», – деген сыңайда фильмнен үзінді сөз жазған.

italy_vs

Кәсіби футбол командасының ойыншысы Фабио Ди Леллоның әйелі 33 жастағы Роберта Смаргиасси былтырғы жылы жаз айында жол апатынан көз жұмды. Оны Итало Д’Элис есімді азамат мопедпен келе жатып, өтуге тыйым салынған бағдаршам тұсында қағып кетеді.

Тергеу барысында айыпталушының заңды өкілі оны жазалау әділетті болмайтынын алға тартады. Адвокаты да оның күйзелісте жүргенін айтады.

Осыдан соң қаза болған әйелдің күйеуі Д’Элисті аңдып жүріп, Абруццо ауданындағы кафе маңында атып тастайды. Кейіннен әйелінің қабірінің басына барып, қаруын сонда қояды.

Полицейлер Фабионы зират басында ұстады. Оқиға Италияда, өткен сәрсенбі күні болды. Ди Лелло қазір қамауда.

Жіберіп алмаңыз:

Колумбияда небәрі 17 жастағы жігіт 30 адамды өлтірген

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Мұғалімнің айтуымен оқушылар үлгерімі төмен сыныптас қызын ұрып өлтірді

Талқылау