Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі 15 жастағы оқушымен төсектес болған әйелін жақтап шықты

АҚШ-тың Кентукки қаласында тұрмыстағы оқытушы 15 жастағы оқушымен төсек қатынасында болып келген. 28 жастағы Линдси Джарвис оқушысымен жергілікті саябақтарда кездесіп жүріпті. Ол жасөспірімме қарым-қатынасын барынша жасыруға тырысқан.

Күйеуі 15 жастағы оқушысымен төсектес болған әйелін жақтап шықты

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алайда 2016 жылдың мамыр айында оның құпиясының беті ашылды.

Әйелег тағылған айыпқа қарамастан, оның күйеуі теріс айналмаған. Ол барлық сот отырысына қатысыпты. Тіпті, опасыз әйелі жасаған әрекетін мойындап, 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін болса да, күйеуі тастап кетпеген.

Күйеуі 15 жастағы оқушысымен төсектес болған әйелін жақтап шықты

Тергеу нұсқасы бойынша, Линдси баланың басын айналдырып алып, оны жыныстық қатынасқа түсуге көндірген. Офицер оларды көліктің ішінде жыныстық қатынаспен айналысып жатқан жерінен ұстап алғаннан кейін, қарым-қатынастары туралы белгілі болды. Жауап алу барысында жасөспірім Линдсимен кездесу үшін, ата-анасына ескертпестен үйінен жасырын түрде кетіп қалғанын мойындады. Артынша айыпталушының оқушыны үйіне әкеліп жүргені де анықталған.

Күйеуі 15 жастағы оқушысымен төсектес болған әйелін жақтап шықты

Сонымен қатар оқушының телефонынан оның Линдсимен алмасқан хаттары табылды. Хаттардың мазмұнына қарағанда, олардың арасында романтикалық қарым-қатынас болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау