Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу жігіті той үстінде ұлынан айырылған қалыңдығына тосынсый жасап елді жылатты

Америкалық әйел Беки Тёрни ұлынан айырылған. Қиын сәтте оған сүйікті адамы демеу болды. Екі жылдан соң сүйіктісі тұрмысқы шығуға ұсыныс жасады. Той кезінде күйеу жігіті ерекше сыйлық жасап, қалыңдығын таңғалдырды.

© Becky Turney/Facebook

Бекидің ұлы Тристон 2015 жылы жол апатынан көз жұмған. 19 жастағы жігіттің жүрегін өзге ер адамға салған болатын. Беки ол адамды көрмеген, тек телефон арқылы ғана сөйлесіпті.

Той кезінде анасы ұлына арнап бір дастархан арнайы жасатуды сұрайды. Үстелге тақтайша орнатылып, онда «сен мені көре алмайсың, бірақ мен сенімен біргемін, анашым», – деп жазылған.

© Love What Matters/Facebook

Күйеу жігіт құпия түрде әлденеге дайындалып жүреді. Кейін той кезінде 21 жастағы Джейкоб Килбимен қалыңдығын таныстырады. Ол ұлының  жүрегі ауыстырылып салынған жігіт. Джейкоб Бекидің тойына арнайы Нью-Джерсиден Аляскаға ұшып келген.

© Love Adventured/Facebook

Беки үшін бұл күтпеген жайт еді. Оның жүрегін стетоскоппен тыңдап, ұлының жүрек үнін естіп, көзіне жас алды.

Бұл сәт қонақтардың бәрін жылатты. Махаббат та, бақыт та, қайғы да араласқан сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау