Күштеп алып қашқан қыз басына орамал таққызбай үй ішіндегілерді балағаттады (видео)
Желіде алып қашқан қыздың жанұшыра айқайлап қарсылық білдіріп, басына орамал тақпақ болғандарды балағаттан видео жарияланды.
Видеодағы қыздың қарсылығынан оны еркінен тыс алып қашқанына көз жеткізіге болады. Ол басына орамал таққызбауға тырысқанымен айналасындағылар оны көндіріп әлек. Олар барлық келіндерді осылай алып қашатынын айтады. Орамал салмақ болып отырған әйел де өзін мысалға келтіріп, оны да алып қашқанын, кейін бақытты болып кеткенін айтып жатыр.
Мұны көрген желі қолданушылары жағасын ұстап, қыздың обалына қалғандарын айтуда. Олар қыз алып қашуды жабайылық санап, қазір құда түсіп алудың жөн екенін айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысында қыз алып қашқан көлік адам өліміне апарған апатқа ұшырады
Сарапшы: Қазақстанда қыз алып қашуға байланысты арнайы бап жоқ
Алматылық Жұлдыз Ерманованы қалыңдық ретінде алып қашқан болып шықты
Талқылау