Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күлікбаевтың қылмысынан соң қызметінен айырылған тұрғын әділдік іздеп жүр

Бүкіл Алматыны үрейде ұстап, жолындағы бірнеше адамды атып тастаған Руслан Күлікбаевтың қылмысынан соң қызметімнен айырылдым деген Қызылорда облысының тұрғыны Алмаз Тұрғанбаев әділдік іздеп шарқ ұрып жүр.

8e5a7bde6838a421765ff680002870ae

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алмаз Тұрғанбаев Ішкі Істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде осыған дейін криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі болып қызмет атқарған. 18 шілде күні Алматыда құзырлы орган өкілдеріне оқ жаудырып, бірнешеуін жаралап, қарсы келгендерін аяусыз атып тастаған Руслан Күлікбаевтың лаңкестік әрекетінен соң Алмаз Тұрғанбаев қызметімнен айырылдым дейді. Айтуынша, басшылары азаматқа бақылауындағы Күлікбаевқа салғырт қарадың деп айып таққан. Сөзінше, өзімен бірге тағы 3 қызметкер лауазымынан босатылған екен. Алайда экс-полицей адал еңбегі мен маңдай тері сіңген саласына қайта орналасқысы келетінін айтады.

“Менімен бірге жұмыстан шығып кеткен 4 баланың екеуін қайтадан алып алыпты. Білмеймін, қай негізде алып алғанын. Бірақ сол себепті менің негізгі ойым менің қайта жұмысқа тұруыма құқығым бар”, – дейді Байқоңыр қаласының тұрғыны Алмаз Тұрғанбаев.

Және де тұрғын Руслан Күлікбаев жасаған теракттың алдында да басшысынан қысым көргенін айтады. Енді ол өзі қызмет еткен Байқоңыр өкілдігіне қайта жұмысқа орналасу үшін алдағы уақытта басқа да органдарға шағымданамын деп отыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Салдарынан 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді.

Ал ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы дапайда болды.

Оқи отырыңыздар:

Атыс жасаған террорист не себепті бейбіт тұрғындарға оқ атқанын айтып берді

Алматыда атыс жасаған террористің енесі күйеу баласын өлім жазасына кесуді сұрады

Алматыда атыс жасаған лаңкес судья мен прокурорларды өлтірмек болған

Талқылау