Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нанның қымбаттауына депутаттар қарсы

Қазақстанда нан бағасының қымбаттауына барлық депутаттар қарсы. Айтуынша, елімізде бидай асып-тасып тұрғанда ұн мен нанның құнын көтеру қажет емес, деп хабарлайды КТК.

"Қазақстандағы элеваторлардың бәрі бидайға толы. Қазір біз өзімізден бөлек, 66 миллион шетелдік тұтынушыны ұнмен қамтамасыз етіп отырмыз. Нанның бағасын көтерудің қажеті не? Оған экономикалық негіз жоқ", - дейді Мәжіліс депутаты Владислав Косарев.

Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков нанды турап сатуды ұсынған еді. Енді, депутаттардан наубайханаларға мемлекеттен бөлінетін субсидияны тоқтатуды сұраған. Оның айтуынша, қазына қорынан миллиардтар жұмсап, қымбатшылықты қолдан ұстап тұру қиын.  

Сондықтан, Үкімет нан бағасын еркіндікке жібермек. Егер субсидия тоқтаса, нанның құны 90 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Талқылау