Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімов: Болып жатқан жағдайларға жақсы жағынан қарау керек

"Болып жатқан жағдайларға жақсы жағынан ғана қарау керек, себебі біз жақсы заманда өмір сүріп жатырмыз", - дейді ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Бүгін, бейсенбіде "Techconnect"  өткен форумда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов сөз сөйлеп, өз ойын білдірді. "Осы жерде маған бір-екі ой келіп, өзіме түртіп алдым. Мүмкін кейін мен естелік те жазармын. "Осындай бір кездесуде бір ой келіп еді, соны түртіп алдым" деп. Бірақ ол келешектің ісі. Дәл қазір, біз жақсы заманда өмір сүріп жатырмыз. Мүмкін қазір бізге бұл білінбес. Алайда уақыт өте, араға бір-екі жыл салып, мұны түсінерміз. Қазір біз ол туралы ойлап та тұрған жоқсыздар. Бірақ біздің өміріміз ұзарды, жақсырды, мүмкіндіктеріміз де көбейді. Егер біз осындай оймен өмір сүрсек, қолымыздан бәрі келетініне сенемін",- деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар, премьер-министр "Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" дегендей, бәрі қателеседі. Бірақ қателік жасаудан қорықпаңыздар. Бұл жерде  төменге құлап, құлдырау емес, артынан не істейтінің мағызды. Бұл жекеменшік кәсіпкерлер мен стартаперлерге қатысты. Екіншіден, барлық жақсы нәрсе қиын-қыстау кезеңде туады. Сондықтан қазіргі жағдайда қиын-қыстау кезеңіне теңесек, әлі де жақсы нәрсе жасайтынымызға сенімдімін. Оған бізде мүмкіндік көп",- деді Кәрім Мәсімов.

Талқылау