Қызының ұзатуына ақша жинап беруді өтінген астаналық әйел дау толқынын тудырды

Фейсбук әлеуметтік желісінде қызының ұзату тойына қаражат жинап беруді сұраған келіншек көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қызының ұзатуына ақша жинап беруді өтінген астаналық әйел дау толқынын тудырды

Астаналық әйел 28 жасында екі баламен жесір қалып, өзінің қиын өмір кешіп жатқаны туралы, және жақын арада үлкен қызына сырға салуға келетінін мәлімдеді. Осыған орай Фейсбукке қазақстандықтардан құдаларын күтіп, қызының ұзатуын жасауға көмек сұрайтыны туралы жазған.

«26 қыркүйек күні той, ал 26 болса сырға салуға келеді. Менің қалтамда бір тиын ақша жоқ. Кредит төлеп қиналып жүргеніме алты жыл болды. Оны төлей алмағандықтан Қазақтелеком айлық алатын карточкамды бұғаттады. Туған-туыстарым жасауын дайындап беруге көмек беріп жатыр. Ендігі оған дүние-мүлік әперіп, құдалыққа келетін адамдарға кит беруім керек. Дастарханды 30 адамға жаямын, ал келетін құдалар саны көп емес – 8. Жазбамның соңында сіздерден аз болса да көмек берулеріңізді өтінемін. Тіпті 100 теңге беремін деген көмектен де бас тартпаймын», – деп жазған астаналық келіншек соңында өзінің банктің реквизиттерін көрсеткен

Алайда қазақстандықтың мұндай ерекше өтінішін желі қолданушылары құптай қоймады. Олардың көбі құдалық пен сырға салуға ақша сұрағанша шын жақсы көріп тұрса бұл салттарды орындамай-ақ та қоюға болады дейді.

Мұндай қажетсіз нәрсеге көмек бергенше шынымен қиналып, халықтың ақшасына мұқтаж болып жатқан ауру балаларға бергеніміз дұрыс дейді. Олар «Көмекті мұқтаж жандарға беру керек. Құдалық пен сырға салу мұқтаждыққа жатпайды. Осындай көмекті күтемін деп қаншама ауру балалар өліп кетті. Одан да сондай ауру балаларға көмек берейік» деп пікір қалдыруда.

Желі қолданушыларды тағы бір жайт таң қалдырды. Үлкен қызы тұрмысқа шығып жатса, неге ол өзінің тойын және басқа да жасалатын салттарға керекті заттарды өзі сатып алып, еңбек етіп анасына көмектеспейді деген ойда қалды көбісі.

«Тұрмысқа шығатын жасқа келсе, демек жасы да біраз деген сөз. Сонда дені сау бола тұра, неге ақша тауып анасына көмек бермейді, тіпті болмаса күйеу бала неге көмек бермейді?», «Барлық салтты орындау – басты міндет емес ғой, тіпті болмай жатса бұл рәсімнің бәрін орындамай – алып қашып кетуге болар еді», «ақшасы барлардың өзі қазір бұлайша шығынданбайды, көптеген жастар қазір шыған ортада ғана екі жақтың келісімі бойынша атап өтіп жатады және оларға ешкім саусақ сұға қарамайды» деген наразылықтарын жазуда.

Әрине, мұқтаждық танытып, көмек сұрап тұрғаннан кейін азда болса көмек бергеннің жамандығы жоқ екенін айтқандар да кездесті.

Олар «Сіздерден көп ақша сұрап отырған жоқ, әркім сол 100 теңгені керексіз нәрсеге жұмсап та қоясыздар. Сондықтан 200 теңгеден болса да салып жіберсек, ештеңе етпейді деп ойлаймын», «Өзінің баласына көмек бере алмай тұрғаны туралы жазу және оны мойындау өте қиын, ал оны мойындап жазып тұрған соң шынымен мұқтаж болып тұрғаны шығар. Көмектеріңізді аямағандарыңыз дұрыс болар» деп жазуда.

Жоғарыдағы екі пікірден бөлек, мұндай жазбаларды алаяқтарда жазуы мүмкін деген ойларымен бөліскендер болды.

Мұндай ойдағылар көмек берген жағдайда да алдымен істің мән-жайына көз жеткізген абзал екендігін айтуда. Сонымен қатар, көмек сұраушы да Каспи голд карточкасы бар екеніне назар аударып, бұл шынымен алаяқтардың ісі болуы мүмкін деушілерде болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар