Қызының туған күніне 3 күн қалғанда қайтыс болған анасы жантебірентерлік жазба қалдырған

Англияның Вустершир қаласының тұрғыны өмірінің соңғы күндерін сүріп жатқанын біліп, желіде жантебірентерлік жазба қалдырған. Сара Меддингс 12 жасар қызының туған күніне үш күн қалғанда қайтыс болған. Алайда ол қызы екуінің суреттерін жариялап, маңызды сөздерін жазып үлгеріпті.

 Қызының туған күнінен 3 күн бұрын қайтыс болған анасы жантебірентерлік жазба қалдырған

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сара желіде жариялаған суретінде қызы және 15 жастағы ұлымен құшақтасып тұр.

«Бұл сурет таяуда түсірілген. Мен сол сәтті қайтару үшін барымды берер ем. Өмір әділетсіз. Бұл шынымен де солай. Ешқашан ештеңені міндетті нәрсе сияқты қабылдамаңыз. Лайықты адамдарды жақсы көріңіз. Қарапайым заттардың әдемілігін бағалаңыз. Әлденені өзгерте алмайтыныңыз үшін қам жемеңіз. Мейірімді болыңыз. Ерекше жағдайды күтпеңіз. Өмірден ләззат алыңыз», – деп жазған Сара.

 Қызының туған күнінен 3 күн бұрын қайтыс болған анасы жантебірентерлік жазба қалдырған

2015 жылы Сараның сүт бездерінің қатерлі ісігі анықталған. Артынша оған лампэктомия жасалыпты. Сәуле және химиотерапияның бірнеше курсын алған әйел дертті жеңген. Алайда бұл уақытша болып шықты. Арада 7 жыл өткеннен кейін жергілікті дәрігерлер Сараға қатерлі ісіктің лимфалық түйіндерге жайылып кеткенін айтқан.

 Қызының туған күнінен 3 күн бұрын қайтыс болған анасы жантебірентерлік жазба қалдырған

Сара дертпен күресіп жүрген кезде желідегі парақшасында отбасы мен достарына арнап жантебірентерлік жазбалар жазып жүрген. Ол қайтыс болғаннан кейін көпшілік ендігі оның жазбаларын оқи алмайтынына сене алмады. Өз кезегінде олар әйелдің отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.

 Қызының туған күнінен 3 күн бұрын қайтыс болған анасы жантебірентерлік жазба қалдырған

«Бәріміз шок болдық. Ол дертпен барын салып күресіп, өзгелерге ынта-жігер берген еді. Біз оны сағынатын боламыз. Әсіресе екі баласы сағынады», – дейді Сараның анасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар