Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызын зорлаған еркекті өлтірген әке 40 жылға сотталды

Джей Мейнор қызын қорлаған еркекті кешіре алмады. Рэймонд Эрл Брукс өзінің өгей қызы Джулия Мейнорды 4 жасынан бастап зорлап келген. Ол өзінің жағдайын пайдаланып, оны сан рет қорлаған. Тіпті, бүлдіршінді мұның дұрыс құбылыс екеніне сендірген. Алайда ол қорлыққа шыдамай, полиция шақырады.

MAIN-jay-maynor

Бұл туралы The Мirror басылымы хабарлайды.

Рэймонд Джулияны зорлағаны үшін 2002 жылы 5 жыл мерзімге сотталды. Алайда ол осы мерзімнің тек 3 жыл 5 айында түрмеде отырады. Артынша айыппұл төлеп, жазадан құтылып кетеді. Ол түрмеден шыққан соң Джулияның үйінің маңына көшіп келеді.

Қазір Джулия 24 жаста. Ол ұзақ уақыт психолог мамандарда емделді. Бала күніндегі жағымсыз естеліктер оның бүгінгі отбасылық өміріне кесірін тигізіп жатыр. Көп ұзамай күйеуін өзімен ажырасуға көндірген екен. Түрмеден шыққан Рэймонда 10 жыл бойы оған қысым көрсетіп келеді. Онымен бетпе-бет кездеспесе де, естеліктері мазалайды.

Джулияның 43 жастағы туған әкесі қызының әлі де қатты қиналып жүргенін байқайды. Өзі де қатты қиналады. 2014 жылдың 8 маусымында Джей мен Джулия кездеседі. Осыдан кейін қыздың әкесі мотоциклге отырып, асығыс кетіп қалады.

09095d8a4ffdf741098355744aad1bcb

Әкесі бірінші Джулияның бұрынғы жігіттерінің бірін тауып алады. Бұл жігіт қызға өткен өмірі туралы есіне салып, басынып келген-ді. Джей ашу үстінде оған оқ атады. Алайда жігіт қашып үлгереді. Артынша Джей Берлинде тұрып жатқан Рэймондке барып, оған да оқ атады. Кейінгісі бірден қайтыс болады. Сол күні Джей сотталады.

Джей сотқа Рэймондты не үшін өлтіргенін айтудан бас тартады. Сол себепті оның жазасы жеңілдетілмейді. Ол барлық оқиғаны басынан баяндайтын болсам, қызым қиналып қалады деп ойлаған екен. 2016 жылдың қараша айында ол 40 жылға бас-бостандығынан айырылды. 20 жыл Джулияның бұрынғы жігітін өлтірмек болғаны үшін қосылды.

maynor

Темір тордың ар жағында

Сот үкімінен кейін Джулия әкесін құтқарып қалу үшін бар шындықты жайып салған. Мұны кез келген әкенің парызы деп түсіндірген. “Әкем мені қорғағысы келді. Кез келген әке осылай жасайтын еді деп ойлаймын. Ол – әлемдегі ең керемет әке. Ол бізді қатты жақсы көреді”, – дейді ол. Мұнымен қатар, барлық жағдайға өзін кінәлі санап жүргенін айтты. 2000-нан астам адам Джейді қолдайтындықтарын айтып, құжатқа қол қойған.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте құрылыс орнынан адам сүйектері табылды (фото)

Оралдағы стадион құрылысы орнынан адам сүйектері табылды

Шымкентте бір жасар сәбиді өлімнен бесік құтқарып қалды

Шымкенттің орталығында болған атыстан ер адам көз жұмды

Талқылау