Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызын аяусыз тепкілеген қатыгез ана жұртты шошытты

Қызының жылағанын тоқтата алмаған ана оны аяусыз тепкінің астына алды. Бұл көріністі байқап қалғандар полиция шақырған екен. Артынша қатыгез анаға тек сөз жүзінде ескерту жасалғаны анықталды.

3DC3EBB300000578-4264140-image-a-37_1488204618874

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Туған қызын аяусыз тепкен ананың әрекеті кімнің де болсын жүрегі ауыртатыны анық. Ал жылап жатқан қыздың бұл сәтте қандай күйде тұрғанын елестету қиын. Аталған видео Қытайдың Гуандун аймағында түсірілген екен. Осы уақытқа дейін 8 млн адам қара үлгерген видео желіге 24 ақпан күні жүктелген.

Бэйцзяо полициясы  бұл оқиғаны толықтай тексергенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бүлдіршін еш жарақат алмаған. Ал анасына сөз жүзінде ескерту жасалған. Қысқа ғана видеодан анасының қызына “Сен әлі де жылап жатырмысың?!” деп ұрысып жатқанын естуге болады.

3DC3EB9F00000578-4264140-The_beginning_of_the_footage_showed_the_crying_baby_was_lying_on-a-38_1488204618899

Чен ханым (бүлдіршіннің анасы) полицияға соңғы кезде өзінің қатты қиналып жүргенін айтып жылаған екен. Осыдан кейін тәртіп сақшылары оған аяушылық жасауды жөн көрген. Ол өзінің айыбын толықтай мойындап, осы әрекеті үшін қатты өкінетінін айтты. Алайда уақытша Чен ханымның қызын атасы мен әжесі қарайтын болды.

Жіберіп алмаңыз:

Индонезияда ойнас жасағандарға жұрттың көзінше дүре соғылды (фото)

АҚШ-та әкесімен ақшаға бәстескен балақай жабайы бұқаның үстінен секіріп өтпекші болды (видео)

Эминем мен Рианнаның әнін шырқаған тотықұс желіде жұлдызға айналды (видео)

Талқылау