Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылжарлық кәсіпкер қоқыстарды қайта өңдеп қажетті өнім шығарумен айналысады

Қызылжарлық кәсіпкер Қайыр­жан Айсин қала қоқыстарын төгетін кәсіпорын ашқанына көп болған жоқ.

31264-6-_o_ystan_nd_r_s_ash_an_ru

Бұл туралы Айқын газеті хабарлайды.

Кәсіпкердің мұндай қадамға баруы оның бір жылдары АҚШ-та тұрып, қоқыстарды реттейтін ноу-хаумен танысуы себепші болған. Сол істі Қызылжар қаласында қолға алған. Кәсіпті бастамас бұрын Қайыржан  қаладағы «Нұр Отан» партиясының қабылдауында болыпты. Өзінің   ұсынысын айтқанда олардан қолдау тапқан. Жаңа жұмысы үшін Қайыр­жан Айсин «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағ­дарламасы бойынша 20 млн теңге көлемінде несие алыпты. Оған керекті жабдық сатып алғанда, қалалық әкімшілік кәсіпкерге қоқыс төгетін орынды да белгілеп берген екен.
Игілікті істі қолға алған кәсіпкер қоқыстарды іріктеп, сұрыптау үшін 10 адамға жұмыс тауып беріпті. Олар қоқыстарды сұрыптап қана қоймай, керекті жерге жіберумен айналысады екен. Осының арқасында қоқыс реттейтін өндіріс жылына 20 тонна қоқысты өңдейтін көрінеді. Бір айта кетерлік жайт, кәсіпкердің бұл салада біраз жылдан бері  тәжірибесі барлығы ісінің алға жылжуына мүмкіндік жасаған. Қалада төрт жерден «Втор­сырье» нүктерлерін ашып, тұрғын­дардан макулатура, пласмасса бөтел­келер және темір-терсек, тұрмыста қолданыстан шыққан техникалық бұйымдарды қабылдауы өндірістің алға жүруіне жол ашқан.
“Біз тұрғындардан керексіз деп қоқысқа тастаған  заттарын қабыл­даймыз. Олардың қажеттілігіне қарай азын-аулақ тиын-тебенін де береміз. Кейбірінің  келісіне қарай 15 теңгеден 100 теңгеге дейін қабылдаймыз. Оларды сұрыптап, реттейміз де тиісті орындарға жібереміз. Қалалықтар күні бойы  екі тоннаға жуық қоқыстар әкеледі. Біз оларды реттеп, жинаймыз.  Маку­лат­ураларды бірден Алматыға жіберсек, олар одан салфеткалар мен дәретхана қағаздарын дайын­дайды. Ал полиэ­ти­лен­дерді жергілікті  «Радуга» кәсіп­орнына жіберсек, олар одан пластмасса өнімдерін жасайды. Тұрғындар өткізген пластикалық бөтелкелерді Ресейге жіберіп жатыр­мыз. Ресейліктер әзірге оны өңдеп, керекті өнім жасауды бастаған жоқ. Алайда қаладағы тұрмыс қалдықтары әзірге осылай  реттелуде. Жұмы­сымыз қала экология­сының таза болуына өзіндік үлесін қосуда”, – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің жаңа жұмыс орнымен «Нұр Отан» партиясы өкілдері де танысып, іс тәжірибесін көздерімен көрді. Қаладан сыртқа әкететін қоқыс жаңа өндіріс орны ашылғаннан бері азайыпты. Оның себебі  қала көшелерінде әртүрлі  қоқыс салатын контейнердің қойы­луы да  тазалық сақтауға  жол ашқан.

Жіберіп алмаңыз:

Көлік жүргізушілері WhatsApp-тағы топ арқылы тұрғындарды үйлеріне тегін жеткізіп салуда

Саусағыңыздың пішіні болмысыңыз жөнінде көп нәрсе айта алады

Робот Антарктидада 740 метр тереңдіктегі мұз астында өмір бар екенін анықтады

Қызылорда облысының тұрғыны қара суықтан қорғанудың тың тәсілін тапты

Талқылау