Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылжарда Герольд Бельгерге арналған музей ашылды

Осы аптада Қызылжарда Герольд Бельгердің мұражайы ашылды. Жан-тәнімен қазақ халқын сүйген неміс ұлына мұндай құрмет көрсетуге жергілікті гуманитарлық колледждің мұғалімдері ұйытқы болды. Ұстаздар Гер-ағаның жеке заттарын екі ай бойы іздестірген.

ыыыы

Сурет  rus.azattyq.org

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Тіпті балалық шағы өткен Ыбырай ауылына барып, дүниелерді көрші, жора-жолдастарынан жинаған. Ал 86 жәдігерді жазушының жұбайы беріп жіберіпті. Мұражайда қойылған жүз елуден астам экспонат Герольд Бельгердің қаршадайынан бастап, ақсақал кезіне дейінгі өмірінің куәсі.

“Екінші елім Германия болса, бірінші елді осы Ыбырай ауылы дейді. Өзінің шығармашылықтарында жазғандай, 150 пайыз мен қазақпын дейді. Мұражай осы күйінде қалмайды. Біз сабақ өткіземіз мұражай кабинетінде және де өзінің шығармашылықтарын келесі ұрпаққа үлгі ретінде әрі қарай дамыта береміз”, – дейді мұражай жетекшісі Ақнұр Базарбекова.

Талқылау