Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада той үстінде жас жігітті пышақтап өлтірді

Қызылордада мейрамханалардың біріндегі тойда жас жігітті пышақтап тастады. Ауыр жарақат алған жігіт қаза тапты деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Алдын ала анықталғаны ол тойда біреумен сөзге келіп қалған. Қазір күдікті ұсталды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз:

Талдықорғанда әскери қызметкер әріптесін атып тастады (видео)

Таразда жолаушылар 9 жасар қызды педофилден құтқарып қалды

Астанада тергеу изоляторында «Қазавтожолдың» бұрынғы басшысы асылып қалды

Қарағандыда көлік жүргізушісі жүкті келіншекті қағып өлтіріп, қашып кетті

 

Талқылау