Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорданың 10 романтикалық көрікті жері

Әрбір қаланың халық көп баратын романтикалық жерлері болады. Осы ретте Қызылорда қаласының романтикалық орындарымен таныс болыңыздар.

MGQXV7G6O75ygCi6XJ7DXs4WW9NC0Y

Бұл туралы socium_kzo.yvision.kz хабарлайды.

ZkY9W5Ds3JkoCgRuecpAtXBxJHg109

Жағалау

Қызылорда Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Өзеннің өзі қаланың ең мақтанарлық жері. Жағалаудағы көз тартар жарық шамдар мен орындықтар бұл жерді одан әрі көріктендіре түседі. Дәл осы жерге мектеп түлектері таңды атыруға келеді. Атақты дарынды адамдар да дәл осы жағалаудан шабыт алатын. Әсіресе, күн батарда бұл жердің көркі қыза түседі.

bCE7PX7I6vMivcF6Ak8u5wD663aNvl

Тұңғыш президент бағы

Жасыл шөптер, талдар мен көздің жауын алатын гүлдері бар баққа жастар жағы көп ағылады. Мұнда кез келген жыл мезгілінде сурет түсірілімін жасаса болады.

RpHTYX0KOTli82EBw95FPefWG2FPgI

Пионер бағы

Халық арасында Пинпарк де аталатын бақ қаланың дәл ортасында орналасқан. Онда балаларға арналған алаң мен картодром бар. Әрі кездесу өткізуге де қолайлы орын.

SbuZAKRGZ6nc0mMoAy28IeEHdkui6z

Студенттік арбат

Бұл қаланың нағыз жүргінші жолағы көп көшесінен бой көтерген. Бұл жердің ерекшелігі мұнда мәңгі жасыл талдар өсіріледі. Егер жұбыңыз екеуіңізге отырар орын табылмаса, жаяу жүріп қайтудың өзі артық болмайды.

Em6G2JElH8lZQrNnv047N1MB400KaW

Сарқырама

Тарихы көп кішігірім арна қаланың орталығымен ағады. Мұнда да ғашығыңызбен ай жарығы астында серуендеп жүруге болады. Бірнеше жылдан соң осы жердегі алғашқы кездесуіңізді жақсы көңіл-күймен еске алып отыратын боласыз.

MGQXV7G6O75ygCi6XJ7DXs4WW9NC0Y

Сыр-ана монументі

Сыр-ана монументі Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан. 40 метрдей болатын ескерткіште қазақтың ұлттық киімін киген әйелдің билеген бейнесі жасалған. Оның қасында 107 саты арқылы алаңға шыға аласыз. Ол жерден барлық маңның панорамалық түрін көруге болады.

stwNur1QtRH39A2100e317jIA7Tpvc

«Сыр сүлейлері» жаңа аллеясы

Бұл аллея жақында ашылған. Аллеяның ортасында домбыра мен қобыз, қылқалам бейнеленген ескерткіш орналастырылған. Ескерткіштің түп мақсаты ауыз әдебиеті үлгілерін, Қорқыт жайын насихаттау. Бұл жерге келушілер уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, рухани байып шығады.

xfvlXnXlprHIhw99m74PSGLUmavL33

«Оазиз» су бұрқағы

Қызылорданың жазы өте ыстық болатыны бәріңізге белгілі. Сондықтан жаз кезінде барлығы субұрқағы астына жиналады. Ғашықтар дәл осы жерге келіп, сүйіктісіне арнаған өлең жолдарын оқи алады.

EQMjsbe9v7uLiBBYB07DET7eS3fYwi

«Болашақ» көпірі

«Болашақ» университетінің жанында орналасқан көпірден, әсіресе, түнгі Қызылорданы көріп тамашалауға болады. Көпірге келген жастар арғы бетінен келесі бетке өткенге дейін тілек те айтып жатады.

Талқылау