Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалықтарды мешіт жанынан ашылған асхананың бағасы шошытты (фото)

 

2016 жылдың сәуір айында Қызылордадағы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жанынан асхана жұмысын бастаған болатын. Жеке кәсіпкер жер алып, ғимарат салған. Бұл жаңалық көпшілікті қуантқан еді. Алайда, жаңа асхананың қызмет құны қаладағы ең мықты деген кафе-рмейрамханалардың бағасынан да қымбат болып шықты.

5

Бұл туралы Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

2

Қуаныштары су сепкендей басылған жандардың наразылық білдірулеріне себеп те жоқ емес. Мешіт жанындағы асханада ас бергісі келгендердің бірі – қала тұрғыны Замира Құсайынова. Жас келіншек алдағы күндері 150 адамға ас бермек.

3

«Негізінен мешіт таза жер ғой. Сол себептен де жанындағы асханаға қатты қызықтым. Алайда оның бағасы өте қымбат. Адам басына 4000 теңге дейді. Бұл не сұмдық? Сол ақшаның ішіне барлық тамақтар кіреді дейді. Сырттан ештеңе әкелмейтінімді айтты. Соның өзінде есептеп көргенімде, бағасы қалтама кәдімгідей салмақ түсірді», – дейді ол.

6

Бүгінде Замира басқа мейрамханаға тапсырыс беріп қойғанын айтады. 150 адамға ас беру үшін барлық шығындарын қосқанда 370 мың теңге болыпты. Ал, мешіт жанындағы асхана қызметін пайдалану үшін оған жалпы көлемде 600000 теңге керек болған.

4

Мәселенің ақ-қарасын білу мақсатында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметіне жүгінген болатынбыз. Алайда, мұндағылар асханаға еш қатысы жоқ екендерін айтты. Жеке кәсіпкердің теңгеріміндегі дүниеге араласпайтындарын жеткізді. Мұнан соң, асхана иесі Ерлан Райымовпен сұхбатқан едік.

7

«Біздің асханамыздың ашылғанына көп уақыт болған жоқ. Соған қарамастан, мұнда келушілер аз емес. Бізде жалға алу адам басына 1300 теңге.  Егер, дастарханға қойылатын тамақтардың барлығын дайындап берсек, тапсырыс беруші 4000 теңге төлеуі қажет. Бірақ қатып қалған баға жоқ. Біз келген адамның материалдық жағдайына қараймыз. Қажет болса, бағаны төмендетіп беруге дайынбыз», – деп ақталды кәсіпкер.

Бүгінде Қызылорда мейрамхана бизнесі жақсы дамыған облыстардың бірі. Алайда, қайтыс болған жақынының асын көпшілік мешіт жанында бергісі келетіні рас. Жергілікті имамдар кәсіпкермен келіссөздер жүргізіп, бағаны арзандату үшін жұмыс жасап жатқандарын айтты.

Талқылау