Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы автошеру өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне» арналған автошеру ұйымдастырды.

көлік1

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Автошеруге мемлекеттік қызметшілер, 100-ге тарта студент, «Жастар ресурстық орталығы», «Дарын» продюсерлік орталығы, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

көлік2

Автошеру барысында  қатысушылар «Біз жарқын болашақты таңдаймыз!», «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» атты ұрандарымен Қызылорда қаласының Орталық алаңынан бастау алып қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп Орталық алаңда аяқтады.

көлік3

Талқылау