Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалықтар қымбат көліктерімен такси бола бастады

Қызылордада дағдарыс адамдарды несиеге қымбат көліктер сатып алып, такси жүргізуге мәжбүрлей бастады. Олар тіпті жолаушылардан әдеттегіден екі есе қымбат ақша сұрайды екен.

мммм

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Рахымжан Әлімбаев – енді-енді такси жүргізушісі болып жұмыс істей бастады. Ол өзінің жеке «BMW-Х5» маркалы көлігімен адамдар тасиды. Әдетте мұндай маркалы көліктер өте көп бензин жағатындықтан такси бола бермейді. Алайда Рахымжан осылай істеуге мәжбүр. Ол көлікті құрылыс компаниясында істеп жүрген кезінде кредитке алыпты.

Былтыр ол қысқартуға ұшырап жұмыссыз қалады. Алдында екі ғана таңдау тұрған: бірі машинасын қайта өткізу, бірі такси қызметіне кірісу.

“Бұл көліктің бөлшектері де, бензині де, жөндеу жұмыстары да қымбат. Сол себепті бағаны да қымбат айтамын”, – дейді ол.

“Қазір шетелдік қымбат маркаларды мінген 30-ға жуық такси болып жүрген автокөліктер бар. Біз көбінесе жұмысқа қымбат машинасы бар адамдарды қабылдаймыз”, – дейді аға диспетчер Индира Реджепова.

Қызылордада былтыр 684 адам қысқартуға ұшыраған. Биылғы жылдың басынан бері де 180 адам жұмыстан босап қалыпты. Билік мемлекеттің “Жол картасы – 2020” бағдарламасы осы проблеманы шешеді деп үміттеніп отыр.

Ресми мәлімет бойынша қазір Қызылордадағы жұмыссыздар саны 16 000. Шененуніктер алдағы уақытта бұл санды біршама төмендетеміз деп уәде беріп отыр.

Талқылау