Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалықтар азық-түлікті үйлеріне атпен тасып жүр

Қызылорданың кейбір тұрғындары әлі күнге дейін азық-түлікті үйлеріне атпен тасиды екен. Өйткені, жол жоқ.  Тіпті балаларды мектепке жылқыға мінгізіп жеткізеді.

W0201304016025125869512

Фото: argymaq.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айтуларынша,  тас та  төселмеген көшеден көлікпен де, жаяу да жүру мүмкін емес. Сондықтан халық бүгінде тұлпарларды көлік етіп пайдалануға көшкен.

Қызылордадағы Асфандияров тұйығындағы атпен жүретін тұрғындар әрекеті ерте заманды еске түсіреді. Мына жануарды көлік қылып мініп, үйлеріне дүкеннен азық-түлік тасуға тұрғындар жаппай көшкен. Өйткені халық қоныстанғалы бірде-бір рет жол төселмеген көшеден жүріп өту мүмкін емес дейді халық.

Ал атқамінерлер атқа мінген тұрғындардың мәселесін шешу жоспарымызда бар дейді. Тұрғындар жолсыз көшелерінің жуық арада жөнделгендерін қалайды.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте су қоймада батып өлген жылқыларды иелері үйлеріне алып кеткен

National Geographic фотобәйгесіне павлодарлық жылқышылардың суреттері ұсынылды

Жылқы етін жеу харам ба?

Сіз суретте қанша жылқы бейнеленгенін таба аласыз ба?

Талқылау