Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық жастар «әулие Валентин» күнін тойлауға қарсылық танытты

14 ақпан күні Еуропадағы кейбір елдерде ғашықтар күні аталып өтеді. Жастар бір-біріне сезімдерін білдіріп, мерекелік көңіл-күйге бөленеді. Біраз уақыттан бері христиан дінін ұстанғандардың мейрамы Қазақстанда да тойлануда.

керек1 (1)

Жүрек тәрізді ашық хаттар сатылып, түнгі клубтарда арнайы шоу-бағдарламалар ұйымдастырылады. Осы орай, қызылордалық жеткіншектер өзге өңір жастарына үңдеу тастады.

Қызылорда қаласындағы орталық алаңға жиналған жастардың қарасы қалың болды. Бұл шараны өткізудегі мақсат – көпшілікті «Әулие Валентин» күнін тойламауға шақыру.

«Қазір Қызылордада 14-ші ақпанды ешкім бұрыңғыдай атап өтпейді. Бұл мектеп оқушылары мен студенттер арасында жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесі деп ойлаймын. Көпшілік бұл күн мұсылмандар мерекесі емес екенін түсінді», – дейді белсенді жас Әбіл Серік.

Шараға қатысқан жеткіншектер көпшілік арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Валентинка» аталып кеткен ашық хаттарды жыртып, бұл мерекені тойлауға қарсылықтарын білдірді. Осылайша өзге облыс тұрғындарына үлгі жасауға тырысты.

0S5A3190 керек2

Талқылау