Қызылордалық жастар «әулие Валентин» күнін тойлауға қарсылық танытты

Сенбі, 13 Ақпан , 2016 19:56

14 ақпан күні Еуропадағы кейбір елдерде ғашықтар күні аталып өтеді. Жастар бір-біріне сезімдерін білдіріп, мерекелік көңіл-күйге бөленеді. Біраз уақыттан бері христиан дінін ұстанғандардың мейрамы Қазақстанда да тойлануда.

керек1 (1)

Жүрек тәрізді ашық хаттар сатылып, түнгі клубтарда арнайы шоу-бағдарламалар ұйымдастырылады. Осы орай, қызылордалық жеткіншектер өзге өңір жастарына үңдеу тастады.

Қызылорда қаласындағы орталық алаңға жиналған жастардың қарасы қалың болды. Бұл шараны өткізудегі мақсат – көпшілікті «Әулие Валентин» күнін тойламауға шақыру.

«Қазір Қызылордада 14-ші ақпанды ешкім бұрыңғыдай атап өтпейді. Бұл мектеп оқушылары мен студенттер арасында жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесі деп ойлаймын. Көпшілік бұл күн мұсылмандар мерекесі емес екенін түсінді», – дейді белсенді жас Әбіл Серік.

Шараға қатысқан жеткіншектер көпшілік арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Валентинка» аталып кеткен ашық хаттарды жыртып, бұл мерекені тойлауға қарсылықтарын білдірді. Осылайша өзге облыс тұрғындарына үлгі жасауға тырысты.

0S5A3190 керек2

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    ду

  • Айгуль Жұмбақ жан says:

    Дурыс! Жастар жарайсындар,Казакстанн ын болашагы осы жастардын колында.

  • Жұмбақ жан says:

    Жарайсындар, жастар!Бұл шынында мұсылмандар тойлайтын мереке емес.

  • Қызылорда Ақмарал says:

    Жарайсыңдар жастар өзге ұлттардын мерекесін тойлаймыз деп өз ұлтымызды ұмытып кетпейік.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар