Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық Жаңа жылды жақсы атап өту үшін, отшашу дүкендерін тонаған

Қызылорда тұрғыны мерекені ойдағыдай қарсы алу үшін екі дүкенді тонаған.

hqdefault

«екі дүкенге де ол түнгі сағат 11 шамасында түскен. Бірінен 35 отшашу мен кассадағы 6 мың шамасындағы ақшаны алған. Келесі дүкенге кіріп 200 мың теңге алып шыққан»,-дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлжахан Қайырбергенова.

Енді тәуекелшіл азамат Жаңа жыл мерекесін қамауда өткізуі мүмкін.
Қазір ол уақытша тергеу абақтысында жатыр. «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып,сот алды тергеу жұмыстары басталып кетті.

Енді ол тауарлардың ақысы мен алған ақшаны иелеріне қайтаруға міндеттеледі.
Айтакетейік, осыған ұқсас жағдай қараша айында Семейде болған еді. Ол кезде сұғанақ 30 қорап конфетті қолды қылған еді. Жергілікті тәртіп сақшылары ұрыны тез арада ұстаған еді. Біра, сол уақыт ішінде ол алған затының жартысын жеп үлгерген еді.

Талқылау