Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық экс-сенатордың қызы мен күйеу баласы үйінен өлі күйінде табылған

Кезінде Жалағаш ауданы мен Қызылорда қаласының әкімі, парламент сенатының депутаты болған белгілі қоғам қайраткері Қожахмет Баймахановтың қызы мен күйеу баласы белгісіз бір жағдайда қаза тапқан.

img-20140711203001-746

Сурет progorod11.ru сайтанын алынды

Бұл туралы ras.kz хабарлайды.

Қызылорда қаласында тұратын бұрынғы сенатордың отбасында қайғылы оқиға орын алды. Оның қызы мен күйеу баласы қайғылы жағдайда қаза тапты.

Оқиға кеше, 17 ақпан күні Атырау қаласында орын алған. Марқұмдардың мектепте оқитын балалары сабақтан келгенде, үйлеріне есік ашып кіре алмайды. Сосын жақын жерде тұратын әкелерінің ағасын ертіп әкеліп, есікті бұздырып ішке кіреді.

Ішке кіргендер сол жерде мылтық оғынан мерт болған келіншек пен асылып тұрған оның күйеуін көреді.

Оқиғаның неден басталып, неге бұлай аяқталғаны әзірге белгісіз.

Марқұмдардың соңдарында жастары кәмелетке толмаған 4 бірдей баласы қалды. Балалар анасының жаназасы ертең Қызылорда қаласында шығарылады.

Талқылау